- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қырғызстаннан Жамбыл облысына...
Қырғызстаннан Жамбыл облысына бір вагон темекіні құжатсыз әкелген
Фото:
Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысында Қырғызстаннан бір вагон темекіні құжатсыз әкелген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржылық мониторинг агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті Қырғыз Республикасынан құжаты жоқ құны 808 миллион теңге болатын вагон темекі өнімдерін жеткізуге жол бермеді.
Тергеу барысында акциздік бюджетке төленетін сома анықталды. Мемлекеттік кірістер органдарының бағалауы бойынша бұл 320 миллион теңгеден асады.
Қазіргі уақытта бірқатар жедел-іздестіру шаралары, соның ішінде тиiстi сараптамалар жүргiзiліп жатыр, олардың нәтижесiнде қылмыстық iс бойынша процестік шешiм қабылданады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан