Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанмен мемлекеттік шекарадағы жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство өкілдері, ҰҚК Шекара қызметі шекаралық аймақта, сонымен қатар, шекаралық өткізу пункттерінде құқыққа қайшы іс-әрекетке қарсы іс-қимыл бойынша шаралар кешенін іске асырып жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, қандай да бір шектеулер енгізілмеді, өткізу пункттері, оның ішінде қазақ-қырғыз шекара учаскесі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Тексеру уақытының регламенттік нормативтері қатаң сақталуда және автокөлік құралдарын өткізу деңгейі қазіргі маусымға тән күнделікті көрсеткіштер аясында.
Бүгін бірнеше қырғызстандық БАҚ Қазақстанмен шекарада 430 фура кезекте тұрғанын жазған болатын. Хабарламаларда Қырғызстан тарапынан ешқандай шектеу жоғы айтылған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!