ҚМА Қырғызстанға АИ-92 маркалы бензинін заңсыз шығарумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қылмыстық АИ-92 маркалы бензинін Қырғыз Республикасына заңсыз шығарып, сатып отырған. Тергеу барысында күдіктілер Қазақстан аумағында бензинді еріткіш және дистиллят ретінде рәсімдеп, жалған құжаттар арқылы шекарадан заңсыз өткізгені анықталды.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында "Түрксіб" станциясында заңсыз жолмен жөнелтілген 500 тоннаға жуық бензин тиелген 8 теміржол цистернасы ұсталды. Жүк "Қара Май Ойл" шағын мұнай өңдеу зауытынан жөнелтілген және Қырғызстанға бағытталған.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2023-2024 жылдары бұл шағын зауыттан 102 мың тоннадан аса мұнай өнімдері көрші мемлекетке экспортталған.
Алдын ала есеп бойынша қылмыстық топтың айналымы кейінгі екі жылда 15,5 млрд теңгеден асып түскен.
"Бұл іс бойынша үш күдіктіге мемлекетаралық іздеу жарияланды:
Оларға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!