Twitter желісінде қырғызстандықтар Бішкектің орталығындағы ғимаратқа салынған қазақ моделінің бейнесін қызу талқыға салды, - деп хабарлайды Vesti.kg.
ЕҚЫҰ өкілі азаматтардың пікірі ескерілетінін, сурет ауыстырылатынын айтқан. Муралды DOXA арт-тобы дайындаған.
Қырғызстандықтар муралда бейнеленген қыз Jah Khalib-тің "Медина" клипіндегі қазақстандық модель Айя Шалқарға ұқсайтынын атап өткен. Сонымен қатар, Желі қолданушылары қазақтың ою-өрнектерін байқаған.
Муралға Бішкектегі ЕҚЫҰ өкілдігі тапсырыс берген. Қырғызстандықтар наразылық білдіргеннен кейін ұйым барлық пікір ескерілгенін, жаңа эскиз салынатынын хабарлаған.