Қырғызстандық стендап-комик Элдос Алмазов ота кезінде қайтыс болды. Бұл туралы әртістің туысы хабарлады, деп хабарлайды Massaget.kz.
Комиктің қайтыс болғаны туралы ақпарат оның Telegram-арнасында жарияланды.
"Кеше ота кезінде Элдостан айырылып қалдық. Бұл бәріміз үшін, әсіресе ата-анасы үшін орны толмас қаза", - делінген хабарламада.
2026 жылдың көктемінде Алмазовқа остеосаркома диагнозы қойылған болатын. Ол қарқынды химиотерапиядан өтті, ал қыркүйекте оған аяғындағы ісікті алып тастау үшін ота жасалды.
Химиялық терапияның кезекті курсынан кейін оның жағдайы нашарлап кеткен. Элдос көзінің ауырғанына, басының айналуына және жүрегінің айнуына шағымданған. Оның айтуынша, тіпті телефон қолданудың өзі қиынға соққан.
Сол кезде комик оқырмандарынан денсаулығын түзеп алу үшін уақыт сұрап, жағдайы туралы кейінірек егжей-тегжейлі бөлісуге уәде берген еді.
Элдос Алмазов Қырғызстанның Ош облысынан шыққан стендап-комик. Генетикалық ауруға байланысты оның бойы шамамен 130 сантиметр болды. Комик бұл ерекшелігін өз өнерлерінде жиі қолданып, өзін-өзі әзілге арқау ететін.
БАҚ мәліметінше, Алмазов 2018 жылы Мәскеуге көшіп, 2021 жылы ТНТ арнасындағы "Открытый микрофон" шоуына қатысқаннан кейін кеңінен танылды. Ол Алексей Щербаковтың командасына қабылданып, жартылай финалға дейін жеткен.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз