Қырғызстандық әйелді өлтіріп, жол бойына тастап кеткен: 20 жыл бұрынғы іске қатысты үкім шықты

Алматы облысының прокуратурасы шамамен жиырма жыл бұрын жасалған кісі өлімі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады. Қылмысқа қатысқан үшінші күдікті анықталып, ол да сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Істің мән-жайы

2006 жылы қыркүйекте Алматы қаласында үш адам такси жүргізушісі ретінде Қырғыз Республикасының азаматын көлікке отырғызған. Прокуратура мәліметінше, күдіктілер әйел адамды буындырып өлтірген. Марқұмның жеке заттары да ұрланған. Ал сүйегі Алматы - Қапшағай тасжолына тасталған.  

2007 жылы осы іс бойынша екі адам сотталған, алайда үшінші адамға қатысты іс тоқтатылған.

Іс қайта қаралды

Прокуратура қызметкерлері дерек базаларын жан-жақты салыстырып, қосымша мәлімет сұрату арқылы күдікті К.-нің Қарасай ауданында нақты орналасқан жерін анықтаған.

2025 жылы 9 шілдеде күдікті ұсталған. Дәлелдер жиналғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданған.

2026 жылы 24 ақпанда сот айыптау үкімін шығарып, айыпталушы 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!