Қырғызстандағы сел кезінде қаза тапқандар саны көбейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ош облысындағы Ноокат ауданындағы ауылдарда болған сел салдарынан қаза тапқандар саны сегізге жетті.
Қырғызстан ТЖМ мәліметінше, 29 маусыда кешкі уақытта селге ағып кеткен тағы бір әйел өлі табылған.
Осылайша табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны сегізге жеткен. Оның көбі балалар. Екеуі 11-де, қалғаны 8, 12, 16 және 19-да. Тағы екі әйел бар. Кейбір деректер бойынша, олардың көбі бір біріне туыс.
Еск салайық, Қырғызстанда сел кезінде қазақстандықтар қаза тапты.
28 маусымда Қырғызстанда нөсер жауын-шашын жауып, Ош облысының Ноокат ауданында жойқын сел тасқыны өтіп, оның салдарынан тұрғындар мен туристер арасында зардап шеккендер бар. Қырғызстанның Төтенше жағдай министрлігінің алдын ала берген ақпараты бойынша қаза тапқандардың арасында Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары бар. Қазіргі таңда екі баланың денесі табылып, тағы екеуін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
"Табиғи апат орнында қырғыз тарапының құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр. Қазақстандық дипломаттар жергілікті билікпен тұрақты байланыста. Біздің Қырғызстандағы Елшілігіміз қайтыс болған балалардың туыстарына барлық қажет көмек көрсетіп жатыр. Бұл қайғылы оқиға ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше бақылауында", - деп жазылған СІМ хабарламасында.
Осыған байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғызстан СІМ басшысы Жээнбек Кулубаевпен телефон арқылы сөйлесіп, төтенше жағдайдың мән-жайын және екі елдің тиісті мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылын талқылады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!