Қырғызстанда халықаралық террористік ұйымның (ХТҰ) мүшесі ұсталды. Бұл туралы Мемлекттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі sputnik.kg мәліметіне сілтеме жасап.
Комитет есебіне сәйкес, ұсталған азамат астыртын топ құрамында ТМД елдерінің бірінде теракт ұйымдастыруға қатысты деген күдікке ілінген.
"Ол Telegram-дағы жасырын аккаунттар арқылы әрекет еткен. Оны ХТҰ-лардың бірінің эмиссарлары үйлестірген. Қылмыс жасамас бұрын Н. Р. топ жетекшісіне адал болуға ант берген", - делінген хабарламада.
МҰҚК мен серіктес барлау органдары ХТҰ басқа қатысушыларына қатысты тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!