Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өлім жазасын енгізуді тапсырды. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асхат Алагөзов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұл ретте мемлекет басшысы Президент әкімшілігінің Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Мұрат Укушевке заңнамаға балалар мен әйелдерге қарсы жасалған қылмыстар үшін жауапкершілікті арттыруды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуді пысықтауды тапсырды", – деп жазды Асхат Алагөзов Facebook парақшасында.
Яғни балаларды зорлау, сондай-ақ, әйелдерді зорлап, өлтіргені үшін өлім жазасын енгізу туралы сөз болып отыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!