Қырғызстанда Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Бішкектегі 6-басқармасының басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kg-ға сілтеме жасап.
Әскери прокуратура "Грудак" лақапатымен танымал МҰҚК қызметкерін ұстаған.
"Первомай аудандық сотының шешімімен А.Т. 15 сәуірге дейін уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. МҰҚК-нің 6-басқармасы сыбайлас жемқорлықпен күреседі", - деп жазды басылым.
Еске салайық, 10 ақпанда Қамшыбек Тәшиев Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары әрі Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылғаны хабарланды. Қамшыбек Тәшиев Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне 2020 жылғы 16 қазанда тағайындалған.
Қырғызстан МҰҚК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев Еуропада емделіп жатқаны да айтылды.
Кейінірек Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиев қызметінен кеткеннен кейін жеке кездескенін мәлімдеді.
17 ақпанда Қамшыбек Тәшиев Қырғызстаннан ұшып кеткені белгілі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!