- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қырғызстанда қылмыс әлемінің...
Қырғызстанда қылмыс әлемінің авторитеті ұсталды
Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қызметкерлері криминал әлемінің авторитеті саналатын Қамшы Көлбаевты (Қамшыбек Асанбек) ұстады, - деп хабарлайды 24.kg.
Басылым мәліметінше, 16 қарашада Ыстықкөл облысы Арнайы қызметтер басқармасының қызметкерлері Қамшыбек Асанбек пен 10 адамды ұстаған. Олар қырғыз-қытай шекарасына (Жеті-Оғыз ауданы) жақын орналасқан "Болат-М" аңшылық алқабынан қайтып келе жатқан. Күдіктілер "Қарасай" шекара бекетінде ұсталды.
24.kg
"Тексеріс барысында шекара аумағында олардың Қырғызстанның мемлекеттік органдарының тиісті рұқсатынсыз болғаны анықталды. Сондықтан Қамшыбек Асанбек пен оның жақындарына қатысты заңнамаға сәйкес әкімшілік ұстау туралы тиісті хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, тексеріс нәтижесінде сегіз атыс қаруы тәркіленді", - делінген хабарламада.
24.kg
Айта кетейік, Қамшы Көлбаев немесе Коля-қырғыз - Қырғызстандағы қылмыс әлемінің авториттерінің бірі. Ол - Ыстықкөл облысының тумасы.
Көлбаев 2011 жылғы маусымда АҚШ-та халықаралық есірткі бизнесінің негізгі тұлғаларының бірі ретінде ресми танылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова