Қырғызстанда Қазақстанмен шекара маңында жер сілкінісі болды

Қырғызстанда Қазақстанмен шекара маңында жер сілкінісі болды
Фото: Скриншот\ Google

Қырғызстанда Қазақстанмен шекара маңында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісі 25 шілдеде Астана уақытымен 02:40-та тіркелген. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Жалал-Абад қаласынан солтүстік-батысқа қарай 38 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 4,3-ке тең болды.

Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқындылығы мынадай болды:

  • Массы қаласы, Қара-Бұлақ ауылы – шамамен 4 балл,
  • Кочкор-Ата қаласы, Гелеген ауылы – 3,5 балл,
  • Майлуу-Суу қаласы – 3 балл.

Еске салайық, 24 шілде таңертең Жетісу облысында Алакөл көліне жақын жерде жер сілкінісі болды.

Сондай-ақ, 23 шілдеде Қазақстанның шығысында жер сілкінісі тіркелген еді. Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары 4 баллдық жерасты дүмпулерін сезді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан
Logotype Massaget