- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қырғызстанда Қазақстан азаматы...
Қырғызстанда Қазақстан азаматы қайтыс болды
Фото:
©Shutterstock
Қырғызстанда аудандық ауруханада Ыстық-көлде ауыр жарақат алған Қазақстан азаматы қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
15 шілдеде полицияға 42 жастағы Қазақстан азаматы ауруханаға түскені туралы хабар түскен. Ер адам Қара-Ой ауылындағы демалыс орталықтарының бірінің жағажайында ауыр жарақат алған. Ер адам қайықтың астында қалған.
Бұл дерек тіркеліп, тергеуге дейінгі шаралар басталған. Қайық иесі - 32 жастағы жергілікті тұрғын, құралды 18 жастағы жігіт басқарған.
16 шілдеде қазақстандық азамат қайтыс болған. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина