- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қашқын
Қырғызстанда қашып жүрген қазақстандық ұсталды

Интерпол іздеп жүрген қазақстандық Бішкекте ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 1985 жылы туған А.Д-ға шенеунікке пара берді деген айып тағылған. Оны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі іздестірген.
"Қолда бар ақпаратқа сәйкес, 2022 жылғы желтоқсан мен 2023 жылғы қараша аралығында логистикалық компанияның иесі А.Д. тауарларды шетелге жеткізбек болған. Кедендік рәсімдерді айналып өту үшін ол кеден қызметкерлерімен сөз байласқан. Бұл аралықта күдікті пара ретінде 16 500 доллар берген", - деп хабарлады Қырғызстан ІІМ.
Күдікті Қырғызстан заңнамасына сәйкес, одан әрі процессуалдық әрекеттерді жасау үшін Октябрь аудандық ішкі істер басқармасының тергеу қызметіне жеткізілді.
Еске салайық, бұған дейін 13 келі марихуананы заңсыз сақтаған қазақстандық Ресейден экстрадицияланған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лес