Қырғызстан парламенті Мақсат Асанәлиевті Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) төрағасы етіп тағайындау туралы шешімді мақұлдады. Депутаттар бұл шешімге бірауыздан дауыс берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg-ға сілтеме жасап.
Алдымен Мақсат Асанәлиевті Бас прокурор қызметінен босату және оны МҰҚК басшысы лауазымына ауыстыру мәселесі қаралған. Содан кейін мәселе парламент отырысына шығарылып, онда депутаттар шешімді бірауыздан қолдаған.
Енді Мақсат Асанәлиевті МҰҚК басшысы етіп тағайындау туралы мәселе жарлыққа қол қою үшін Қырғызстан президентіне жолданады.
Айта кетейік, Мақсат Асанәлиев 2024 жылғы маусымнан бастап Қырғызстанның Бас прокуроры қызметін атқарды. Ол 30 маусымда отставкаға кетті. Осыдан кейін президент Садыр Жапаров оны МҰҚК төрағасының міндетін атқарушы етіп тағайындады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!