Қырғыз Республикасының Ош облысында қазақстандық жол-көлік апатынан зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы Бас консулдығы мәлімдеді.
2025 жылғы 27 тамызда Нұртазина А.А. есімді қазақстандық әйел жол апатынан ауыр жарақат алып, Ош қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген. Онда оған шұғыл медициналық көмек көрсетілді.
"уыстарының өтініші бойынша ҚР Бас консулдығы шұғыл түрде мәселені шешуге кірісті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен және жергілікті денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп, 5 қыркүйекте Ош қаласына санитарлық авиация ұшағы жіберілді. Сол күні отандасымыз Қазақстанға сәтті жеткізіліп, әрі қарайғы ем-домын жалғастырып жатыр", — делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек