Қырғызстанда жер сілкінді

Қырғызстанда жер сілкінді
Фото: seismo.kg

Қырғызстанда Қазақстанмен шекаралас маңда жер сілкінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, 31 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 15:04-те (Астана уақыты бойынша 14:04) Қырғызстан аумағында күші 3,5 балдық жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінің ошағы Арсы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 шақырым, Семіз-Бел ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 шақырым жерде орналасқан.

Қырғызстан елді мекендерінде жер сілкінісі келесідей сезілді:

  • Арсы ауылы - 3 балл,
  • Семіз-Бел ауылы, Кочкор, Қара-Тоо, Ақ-Жар - шамамен 3 балл.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан