Қырғызстанда жер сілкінді

23 қарашада Қырғызстанда Рихтер шкаласы бойынша 5,3 балдық жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv мәліметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық сейсмоболжау мониторингі орталығының мәліметінше, сейсмикалық құбылыс Ташкент уақыты бойынша 13:33-те тіркелген.

Эпицентр 10 шақырым тереңдікте орналасқан, оның координаттары 39,5 градус солтүстік ендік пен 71,74 градус шығыс бойлықта. Сейсмикалық белсенділік Ташкенттен оңтүстік-шығысқа қарай 290 шақырым және Қазақстан шекарасынан шамамен 170 шақырым қашықтықта тіркелген.

Мамандардың айтуынша, жер сілкінісі тербеліс тудырғанымен, айтарлықтай қирау мен зардап шеккендер анықталмаған.

Еске салайық, 5 қарашада алматылықтар жер сілкінісін сезді. ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де жер сілкінісін тіркеді. 

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.

Есептік қарқындылығы:

  • Алматы 3 балл
  • Талғар 4 балл
  • Есік 4 балл
  • Түрген 3 балл
  • Өтеген батыр 3 балл
  • Боралдай 2 балл
  • Маловодное 2 балл
  • Ж.Қайыпов 2 балл
  • Алатау (Жетіген) 2 балл
  • Қарасай (Қаскелең) 2 балл

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!