- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қырғызстанда жер сілкінісі болды
Қырғызстанда жер сілкінді
23 қарашада Қырғызстанда Рихтер шкаласы бойынша 5,3 балдық жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv мәліметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық сейсмоболжау мониторингі орталығының мәліметінше, сейсмикалық құбылыс Ташкент уақыты бойынша 13:33-те тіркелген.
Эпицентр 10 шақырым тереңдікте орналасқан, оның координаттары 39,5 градус солтүстік ендік пен 71,74 градус шығыс бойлықта. Сейсмикалық белсенділік Ташкенттен оңтүстік-шығысқа қарай 290 шақырым және Қазақстан шекарасынан шамамен 170 шақырым қашықтықта тіркелген.
Мамандардың айтуынша, жер сілкінісі тербеліс тудырғанымен, айтарлықтай қирау мен зардап шеккендер анықталмаған.
Еске салайық, 5 қарашада алматылықтар жер сілкінісін сезді. ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.
Есептік қарқындылығы:
- Алматы 3 балл
- Талғар 4 балл
- Есік 4 балл
- Түрген 3 балл
- Өтеген батыр 3 балл
- Боралдай 2 балл
- Маловодное 2 балл
- Ж.Қайыпов 2 балл
- Алатау (Жетіген) 2 балл
- Қарасай (Қаскелең) 2 балл
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Шәріпхан