Қырғызстанда интернет неге жұмыс істемей қалғаны анықталды

13 қараша күні кешке Қырғызстан тұрғындары интернетке қосылуда кедергілерге тап болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Қолданушының хабарлауынша, келеңсіздік 20:30-дан кейін басталған. Олар интернеттің баяу істегеніне, кейбірі тіпті мүлде қосылмағанына шағымданды.

Қырғызстанның Цифрлық даму министрлігі оқиғаға сыртқы интернет-провайдерлер желісіндегі апат себеп болғанын мәлімдеді. 

"Осыған байланысты кейбір байланыс операторлары интернетке қосылуда уақытша қиындыққа тап болды. Мамандар тұрақты байланысты тезірек қалпына келтіруге бар күш-жігерін салуда", - делінген ведомствоның ресми мәлімдемесінде.

Мемлекеттік мекеме қазір белсенді қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!