Қырғызстанда есірткіні заңдастыру ұсынылды

Қырғызстанда есірткіні заңдастыру ұсынылды
Фото: depositphotos.com / AlexelA

Қырғызстандық депутат Дастан Бекешов елде есірткінің жеңіл түрлерін заңдастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жақсы мен жаманды ажырата білу керек. Мысалы, синтетикалық есірткі - жаман. Елде кәмелетке толған азаматтарға есірткінің жеңіл түрін пайдалануға рұқсат беруді қарастыру қажет", - дейді депутат. 

Депутат қарасора сияқты табиғи есірткілерді құқық қорғау органдары жойып жіберетінін, олардың қымбаттап кеткенін, сондықтан жастар синтетикалық есірткіні арзан сатып алатынын айтты.

Басқа депутаттар есірткіні заңдастыру туризмді дамытуға көмектесетінін атап өтті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина