Қырғызстанда депутаттық мандат 1 млн долларға дейін сатылып келген

Қырғызстанда депутаттық мандат 1 млн долларға дейін сатылып келген
Фото: ©️ facebook/japarov.sadyr

"Кабар" агенттігіне берген сұхбатында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бұдан былай депутаттық мандат сатылмайтынын айтты. Оның сөзінше, үміткерлер тек өз күш-жігері мен халықтың сенімі арқылы бәсекеге түсе алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Садыр Жапаров депутаттық мандат сатылатын дәуір артта қалғанын айтты.

"Енді депутаттық мандат 100 мыңнан 1 млн долларға дейін сатылмайды. Әрбір үміткер тәуелсіз болады және тек өзі үшін күреседі. Бұрын депутаттық орындар 100 мың долларға, тіпті 1 миллион долларға дейін сатылып, ақша партия жетекшілерінің қалтасына түсетін. Енді бұлай болмайды", - деді ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget