Қырғызстанда бұрынғы лауазымды тұлғалардың бірі ұсталды - БАҚ

Қырғызстанда Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Мелис Тұрғынбаев ұсталды. Бұл туралы жергілікті БАҚ жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

24.kg мәліметінше, 25 наурызда ІІМ тергеу қызметінің қызметкерлері Мелис Тұрғынбаевты "Қырғызмұнайгаз" ААҚ-ға байланысты іс бойынша куәгер ретінде жауап алуға шақырған. Тергеу қорытындысы бойынша ол ұсталған.

Құқық қорғау органдары бұл дерек бойынша ресми пікір білдірмеді.

БАҚ мәліметінше, Мелис Тұрғынбаев мұнай-газ саласында басшылық қызметтер атқарған. Соның ішінде "Қырғызмұнайгаз" ААҚ басқарма және директорлар кеңесінің төрағасы болған.

Сондай-ақ, табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрі қызметін атқарды, кейін Қырғызстанның Ұлттық банкін басқарды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!