- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қырғызстанда бір тәулікте...
Қырғызстанда бір тәулікте екі рет жер сілкінісі болды
Фото:
Яндекс карта
Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстанда жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі some.kz сайтына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігі SOME ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпулерін 3 мамырда Алматы уақыты бойынша сағат 07:32-де тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 495 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан", - делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9 болды. MPV магнитудасы - 4,5. Тереңдігі - 10 шақырым.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек