- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қырғызстанда барлық мектеп...
Қырғызстанда барлық мектеп ЖРВИ салдарынан онлайн оқытуға көшті
Фото:
Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Қырғызстандағы барлық мектеп 24 желтоқсанға дейін онлайн оқытуға көшеді. Бұл туралы Жогорку Кенеш отырысында Білім және ғылым вице-министрі Надира Жүсіпбекова мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, мұндай шешім Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты негізінде қабылданған.
"Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір жұқпалы аурулар көп таралып жатыр. Аурудың өршуіне байланысты республиканың барлық мектебін онлайн оқытуға ауыстырамыз", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек