Қырғызстанда ауыс-түйіс жүріп жатыр: Тәшиевтің “өкіл баласы“ атанған министр қызметімен қош айтысты

Қырғызстанда ауыс-түйіс жүріп жатыр: Тәшиевтің “өкіл баласы“ атанған министр қызметімен қош айтысты
Фото: gov.kg

Қырғызстанда ауыс-түйіс жүріп жатыр. Әбсаттар Сырғабаев көлік және коммуникациялар министрі қызметінен босатылды. Жергілікті БАҚ-та ол Қамшыбек Тәшиевтің "өкіл баласы" ретінде аталып жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кімдер қызметінен кетті?

Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы болып Талантбек Солтобаев тағайындалды. Оның кандидатурасы Жоғары Кеңеске (Қырғызстан Парламенті - еск.) ұсынылды.

Сондай-ақ, табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрі Медер Машиев қызметінен босатылды. Министрдің міндетін атқарушы болып Ақыл Тоқтобаев тағайындалды.

Төтенше жағдайлар министрі Бообек Әжікеев те қызметінен кетті. ТЖМ басшысының м.а. болып Урматбек Шамырқанов тағайындалды.

Тәшиевке қатысты жағдай

Еске салайық, 10 ақпанда Қамшыбек Тәшиев Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары әрі Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылғаны хабарланды. Қамшыбек Тәшиев Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне 2020 жылғы 16 қазанда тағайындалған. 

Қырғызстан МҰҚК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев Еуропада емделгені де айтылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget