Депутат Бақытбек Марипов Жогорку кенештің (Қырғызстан Парламенті) отырысында астананы басқа жерге көшіріп, онда министрлер кабинетін орналастыруды ұсынды. Осылайша, оның пікірінше, түтін мен кептеліс мәселесін шешуге болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.
Бақытбек Марипов Бішкекке екі басы бар әкім келсе де, ол елордадағы түтін мен кептеліс мәселесін шеше алмайтынын айтты.
"Ыстықкөл облысында Осман қаласы салынып жатыр. Оған 10 миллиард доллар инвестиция тартылмақ. Бішкектен теміржолды тасымалдау үшін 550 миллион доллар қажет. Ал айналма жолға құрылысымен бірге 1 миллиардтан астам доллар қажет болады", - деді депутат.
Сондықтан Мариповтың сөзінше, министрлер кабинетін басқа қалаға көшірсе, Бішкектегі кептеліс мәселесі шешіледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова