Қырғызстанда TikTok әлеуметтік желісі бұғатталады. Бұл ақпаратты Қырғызстанның цифрлық даму министрлігі растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kg-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін Қырғызстанның интернет-провайдерлеріне байланыс саласындағы реттеу және қадағалау қызметінен ел аумағында TikTok-қа кіруді шектеу және 18 сәуірге дейін жазбаша жауап беру туралы хат түскен.
Министрлік бұл шаралар Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хатының негізінде қабылданғанын түсіндірді.
"Шешім шығаруға TikTok тарапынан"балалардың денсаулығына, олардың физикалық, интеллектуалдық, психикалық, рухани дамуына зиян келтірудің алдын алу жөніндегі шаралар туралы" ҚР заңын сақтамау негіз болды. Заңда балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпарат түрлері анықталған", - делінген хабарламада.
Қырғызстан Мәдениет министрлігі былтыр тамызда да TikTok-ты бұғаттау туралы өтініш жолдаған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!