Қырғызстанда 58 адам тамақтан уланды

Қырғызстанда 58 адам тамақтан уланды
Фото: depositphotos.com

Бішкектегі жекеменшік мектептердің бірінде жаппай улану тіркелді. Уланғандардың бәрі түскі асқа шаурма жеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 31 қазанда сағат 22:30-да Республикалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына тағамнан улану белгілері бар науқастар түсе бастаған. Барлық науқастың 12:00-13:00 аралығында мектеп асханасында шаурма жегені анықталды.

Барлығы 58 науқас медициналық көмекке жүгінген, олардың 54-і - бала.

"7 бала және 2 ересек ауруханаға жатқызылды, жағдайы тұрақты. 49 науқас қараудан және медициналық көмек көрсетілгеннен кейін тиісті нұсқаулықпен амбулаторлық емдеуге жіберілді. Барлық науқастан талдаулар алынды", - делінген жарияланымда.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бұл оқиға бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек
Logotype Massaget