- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қырғызстанда 4,6 балдық...
Қырғызстанда 4,6 балдық жер сілкінісі болды
Фото:
depositphotos.com
Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметтеріне сәйкес Қырғызстанда магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Орталықтың сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес жер сілкінісінің ошағы Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 139 шақырымда және Ноокаттан оңтүстік-шығысқа қарай 125 шақырымда орналасқан.
Жер сілкінісі жексенбі күні сағат 23:44-те (Астана уақыты бойынша 22:44) тіркелді, оның ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева