Тәжікстанмен арадағы шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде болған қарулы қақтығыстың кісі өліміне әкеліп соғуына байланысты Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров осы сипаттағы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды 24.kg.
Ұлттық аза тұту күні елдің бүкіл аумағында, сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық және консулдық мекемелердің ғимараттарында Қырғыз Республикасының мемлекеттік тулары төменге түсіріледі; мәдени ошақтар мен телерадиокомпанияларға ойын-сауық іс-шаралары мен бағдарламаларын ұйымдастырып, таратуға тыйым салынады.
Қырғыз Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс салдарынан 36 азамат қаза тапқан.
17 қыркүйекте Қырғызстанның Баткен облысында төтенше жағдай режимі енгізілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!