2015 жылғы 15 қыркүйектен бастап екі мемлекет арасында су шаруашылығы мен энергетикалық ведомстволардың бұдан бұрын қол жеткізген уағдаластықтарына сәйкес Қырғызстанға ҚР-дан электр энергиясын қайтару жүзеге асырыла бастады.
2016 жылғы 19 қыркүйектегі жағдай бойынша сағатына 6,6 млн кВт көлемінде электр энергиясы қабылданды. Осы жылғы қыркүйектің аяғына дейін сағатына 56,2 млн кВт, қазанда 118,2 млн кВт және қарашада 23,1 млн кВт көлемінде электр энергиясын қабылдау жоспарлануда.
2016 жылғы 10 қарашада қырғыз энергожүйесі тамызда берілген сағатына 197,5 млн кВт алуы тиіс екенін атап өткен жөн. Электр энергиясын қайтару кезінде 2016-2017 жылдары күзгі-көктемгі кезеңді өткеру үшін Тоқтоғұл су қоймасының қолайлы көлемі мен су-энергетикалық теңгерім сақталатын болады.
Еске салсақ, бұдан бұрын осы жылғы тамызда тауар айналымы аясында Қазақстан Республикасына сағатына 197,5 млн кВт көлемінде электр энергиясы берілді.
Дереккөз: inform.kz