Қырғызстан Тәжікстанмен шекарасындағы әскери шекара қызметін күшейтілген тәртіпке көшірді, - деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.
Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз хатшысы Гүлмира Борубаеваның айтуынша, бұндай шешім Тәжікстандағы соңғы оқиғалардан соң қабылданған.
Қыркүйектің 4-і күні Тәжікстанда екі жерде полицияға қарулы шабуылдар жасалғаны хабарланды. Содан бері Тәжікстанда үкімет күштерінің күдіктілерге қарсы операциясы жалғасып жатыр. Осы уақыт ішінде 20-дан аса адам қаза тауып, бірнешеуі жараланған.