Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың інісі Ұлан Жапаров алаяқтық жасады деген күдікке ілініп, ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kg сайтына сілтеме жасап.
Бішкектің Первомайский аудандық соты берген ақпаратқа сәйкес, сот 21 маусымда Бішкек бойынша ҰҚКМ ММ тергеушісінің өтінішін қанағаттандырып, Ұлан Жапаровты 19 тамызға дейін қамауға алуға шешім қабылдады.
Қолда бар мәліметтер бойынша, Жапаровты Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстады. Ол Қырғызстан президентінің өкілетті өкілін облыстардың біріне тағайындауға уәде беріп, ол үшін 100 мың АҚШ долларынан астам сыйақы алды деген күдікке ілінді. Алайды ол уәдесін орындамаған.
Еске салайық, бүгін Қырғызстан ҰҚКК басшысы Қамшыбек Ташиевтің туысы ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!