Қырғызстан президентінің жиені Лазат Нұркожоеваның күйеу баласы болған Афтандил Сабырбековпен бірге оның ағасы да ұсталды. Бұл туралы 24.kg агенттігіне құқық қорғау органдарындағы дереккөздер мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Басылым мәліметінше, Сабырбеков 5 шілдеде аса ірі көлемде есірткі дайындап, сатты деген күдікпен ұсталған. Онымен бірге ағасы Тариэль мен тағы бірнеше адам ұсталды.
Еске салайық, Қырғызстанда президент Садыр Жапаровтың қарындасының күйеу жігіті ұсталғаны хабарланған еді. Ақпаратты елдің мемлекет басшысының әкімшілігі растады.
Жапаровтың баспасөз хатшысы Асхат Алагөзов Facebook-парақшасында президенттің інісінің қызының күйеу жігітін құқық қорғау органдары ұстағанын растады.
"Ләззат Нұрқожаеваның күйеу жігіті тікұшақпен ұсыныс жасағаннан кейін танымал болды. Бұл жігіттің негізгі мақсаты өзінің заңсыз әрекетін қорғау үшін билікте өз адамын табу болды деп айтуға толық негіз бар", - деді Асхат Алагөзов.
Оның сөзінше, бұған кімның қатысы болса да Садыр Жапаров заңсыз әрекеттерді жасырмайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз