Қырғызстанда президент Садыр Жапаровтың қарындасының күйеу жігіті ұсталды. Ақпаратты елдің мемлекет басшысының әкімшілігі растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жапаровтың баспасөз хатшысы Асхат Алагөзов Facebook парақшасында президенттің інісінің қызының күйеу жігітін құқық қорғау органдары ұстағанын растады.
"Ләззат Нұрқожаеваның күйеу жігіті тікұшақпен ұсыныс жасағаннан кейін танымал болды. Бұл жігіттің негізгі мақсаты өзінің заңсыз әрекетін қорғау үшін билікте өз адамын табу болды деп айтуға толық негіз бар", - деді Асхат Алагөзов.
Оның сөзінше, бұған кімның қатысы болса да Садыр Жапаров заңсыз әрекеттерді жасырмайды.
Ұсталған жігіт пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттері туралы тергеу барысында анықталатыны айтылды.
Қырғызстандық БАҚ-та жақында ТЖМ тікұшағын жалға алып, үйленуге ұсыныс жасаған күйеу жігіт Афтандил Сабырбеков екені туралы ақпараттар пайда болды. Оқиғаның видеосы дау тудырғаннан кейін Садыр Жапаров болашақ күйеу баласының ысырапшылдығы үшін халықтан кешірім сұрауға мәжбүр болды.
Құқық қорғау органдары Афтандил Сабырбековті есірткі сатты деген күдікпен ұстаған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!