Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қазақстан астанасына "Орталық Азия – Италия" саммитіне қатысу үшін келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметі Жапаровты қарсы алу сәтінен фотокадрлар таратты.
Айта кетейік, бүгін түс кезінде Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов те Астанаға келді. "Орталық Азия – Италия" саммиті 30 мамырда Астанада өтеді. Саммитке өңір елдерінің мемлекет басшылары қатысады. Сонымен қатар, Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони де саммитке қатысады. Ол 29 мамырда Астанаға ресми сапармен келіп, бүгін Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, келіссөздер жүргізді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз