- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қырғызстан президенті қарындасы...
Қырғызстан президенті қарындасы үшін кешірім сұрады
Фото:
president.kg
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарындасы үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде Жапаровтың қарындасы Таззат Нуркожаеваға сүйіктісі сөз салған видео пайда болды. Видеода ғашықтар ТЖМ тікұшағымен келеді.
Алайда қырғызстандықтар ел президентінің қарындасының бұл әрекетіне наразы болған.
"Кабарға" берген сұхбатында Садыр Жапаров бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.
"Расында ел билігінің туыстары өзгелерге үлгі бола білуі керек. Ысырапшылдықты қою керегін бірнеше рет айтқан болатынмын. Болашақ күйеубаламыз бұл ойды қолдауы керегі еді", - дейді президент.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина