Қырғызстан президенті жұбайымен бірге жол бойындағы дәмханада көзге түсті

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жұбайы Айгүлмен бірге Ыстықкөлге барар жолдағы дәмханалардың бірінде көзге түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Дәмхана қонақтарының бірі президентті алғашында танымай қалғанын айтты, өйткені ол дәмханада өзгелермен бірге қарапайым жағдайда отырған.

"Президентімізді "Апамның қаттамасы" дәмханасынан көру тосын жағдай болды. Тіпті бұл Садыр Нұрғожоұлы мен оның жұбайы екенін бірден түсінбедім", - деп жазды әйел.

Жазба авторының айтуынша, президент келген кезде жолдар жабылмаған. Десе де күзет қызметі жанында болған.

Дәмхана қонақтарының айтуынша, президент жұбайымен бірге шамамен сағат 12:30-да келген. Олар дәмханаға өздері кіріп, шай мен қаттамаға тапсырыс беріп, жылдам түскі астарын ішіп, жүріп кеткен.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!