Қырғызстан президенті Жапаров Астанаға келді

Қырғызстан президенті Жапаров Астанаға келді
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Орталық Азия-Қытай" саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Саммит жұмысына Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары, сондай-ақ, Қытай төрағасы қатысады деп жоспарланып отыр.

Саммит Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы өзара іс-қимыл бойынша пікір алмасуға бағытталған.

Еске салайық, 16 маусымда Президент Қасым Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді қарсы алды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget