Қырғызстан президенті Астанаға келді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға келді. Мұны Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жапаров 28 қарашада жоспарланған ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады. Отырысқа қатысатын ел делегациялары аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылайды.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.

Фотолар: Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Астанаға мемлекеттік сапармен келген болатын.

Сонымен қатар ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына Беларусь президенті Александр Лукашенко да келді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!