- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қырғызстан Өзбекстаннан 30-40...
Қырғызстан Өзбекстаннан 30-40 жылға қалып қойған - Жапаров
Қырғызстан Өзбекстаннан 30-40 жылға қалып қойған. Бұл туралы Қырғыз президенті Садыр Жапаров парламент отырысында сөйлеген сөзінде қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері бойынша Өзбекстанмен келісім және Кемпір-Абад су қоймасын бірлесіп басқару туралы мәселені қарау барысында айтты, - деп хабарлайды kaktus.media.
"Айқайлағыштар бізге су қоймасының астында емес, басқа жерлер беруімізді айтады, бірақ біздің өзбек достарымыздың басы жақсы жұмыс істейді. Олар бізді 30-40 жылға басып озды. Әзірге біз тек "айқайлай" аламыз. Мен тікұшақ, ұшақтар туралы айтып тұрған жоқпын, бірақ 30 жыл ішінде біз тіпті сіріңке шығаратын зауыт салған жоқпыз. Егер біз оларға басқа жерлерді айырбастауды ұсынсақ, олар бірден келіседі, өйткені олар су қоймасының кеуіп қалмайтынын біледі және олар осы уақыт ішінде басқа құнарлы жерлерді пайдалана алады, егін жинайды. 10, 100 жылдан кейін біз алмасамыз, бірақ осы уақытқа дейін осы жерді өзіміз қолданайық. Бүгін нүктесін қояйық, мәселе тек Өзген ауданында ғана емес. Ұзындығы 1,5 мың шақырымға жуық бүкіл қырғыз шекарасы мәселесі шешіліп жатыр", - деді Жапаров.
Ол келісім Қырғызстанға даулы шекара мәселелерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина