Қазақстандық сейсмологтар кеше кешке Қырғызстан мен Қытайдың шекаралас ауданында, сондай-ақ, ҚХР аумағында магнитудасы 4,8 және 4,5 болатын екі жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Қазақстанның ұлттық деректер орталығының сайтында хабарланды.
Жедел ақпаратқа сәйкес, 16 мамырда Астана уақытымен 19:12-де (Гринвич бойынша 14:12) Қытайда жер сілкінісі болды. Эпицентр координаттары: солтүстік ендіктің 40,20 градусы және шығыс бойлықтың 77,68 градусы. Магнитудасы mb=4,5. Энергетикалық класы K=10,4.
Екінші жер сілкінісі Астана уақытымен 19:53-те (Гринвич бойынша 14:53) Қырғызстан мен ҚХР шекаралас ауданында тіркелді. Эпицентр координаттары: солтүстік ендіктің 40,52 градусы және шығыс бойлықтың 74,82 градусы. Магнитудасы mb=4,8. Энергетикалық класы K=10,6.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!