Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
24 қаңтарда сағат 15.43-те сейсмикалық станцияларда жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 272 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.1.
MPV магнитудасы 5.0.
Эпицентрдің координаттары 41.07° С. Е. 78.50° ш. б.
Тереңдігі 15 шақырым.
Жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат (МЅК-64 шкаласы бойынша): ҚР аумағында сезілген жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!