Қырғызстан Қазақстанға жоспардан көп су жіберген

Биыл суару маусымында Қырғызстан Қазақстанға 534 миллион текше метрден аса су жіберді. Қазақстан тарапының мәліметінше, бұл жоспарланған көлемнен артық, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстан Қазақстанға Шу және Талас өзендері арқылы 534,3 миллион текше метр су жіберді. Талас өзені арқылы 394,3 миллион текше метр су келді, бұл жоспарланған көлемнен 14,3 миллион текше метрге артық.

"Біз барлық көршімізбен белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Қырғызстанмен биыл Шу-Талас су шаруашылығы комиссиясының екі отырысы өтті. Суару маусымында біздің тарап Шу өзені арқылы 180 миллион және Талас өзенімен 380 миллион текше метр су алады деп келістік. Бүгінгі таңда үзіліссіз су келіп жатыр, ал Талас өзені арқылы келісілген кестеден артық су келді", - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Шу өзені арқылы бүгінде 140 миллион текше метр су келген, осылайша, Қазақстан мен Қырғызстанның су ведомстволары бекіткен кестеге сәйкес келіп жатыр.

Айта кетейік, 1 сәуірден бері Өзбекстан Сырдария өзені арқылы елімізге 4 миллиард текше метрден аса су жіберген болатын. Ал Тәжікстан 1 маусымнан бастап Қазақстанға мемлекетаралық "Достық" каналы арқылы 488,6 миллион текше метр су жіберді. Бұл былтырмен салыстырғанда 40 миллионға, ал биыл жоспарланған көлемнен 45 миллион текше метрге артық.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда гидрогеология қызметі қайта құрылғаны хабарланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!