Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жолдады 

Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жолдады 
Фото: ТЖМ

Қырғыз Республикасы Қазақстанға бастамашыл гуманитарлық көмек жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Су тасқыны салдарынан төтенше жағдайлардан зардап шеккен Қазақстан халқына бастамашыл гуманитарлық жүкті Қырғыз Республикасы ТЖМ вице-министрі Урматбек Шамырқанов алып жүреді.

15 фура гуманитарлық көмек Жамбыл облысына келіп жетті.

Азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, жылытқыштар және т.б. түріндегі гуманитарлық жүк Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындарына жіберілетін болады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина
Logotype Massaget