Қырғызстан Қазақстанға су тасқынына байланысты гуманитарлық көмек дайындап жатыр. Бұл туралы Жогорку Кенеш отырысында министрлер кабинетінің төрағасы Акылбек Жапаров айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24kg сайтына сілтеме жасап.
Жапаров Қазақстан Бішкекте ЖЭО апаты болған кезде көмек қолын созған.
"Бұл жағдайда бізден көмек сұрамаса да гуманитарлық көмек жібереміз. Сонымен қатар, осы сәтті пайдалана отырып Өзбекстан, Түрікменстан мен Қазақстанға алғыс айтқым келіп отыр. Президенттің көрші елдермен қарым-қатынасы жақсы болуының арқасында олар бізге көмек қолын созды", - дейді Акылбек Жапаров.
Оның сөзінше, қазіргі уақытта ел президентінің тапсырмасы бойынша көмек дайындалып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!