Қырғызстан қайтадан Қазақстанға су тасымалдай бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов брифинг барысында айтқан болатын.
Министр Қазақстан мен Қырғызстанның соңғы үкіметаралық кеңесінде Қырғызстанның ауыл шаруашылығы министрлігі мен су ресурстары қызметінің басшысымен Киров су қоймасынан Қазақстанға су түсуін қайта бастау туралы уағдаластық жасалғанын атап өтті.
"Біз тиісті басшылармен кездесіп, Киров су қоймасын ашудың қолданыстағы шарттарын өзектендіруге келістік. Қазіргі уақытта су қоймасынан 12 текше метр су айдалады, Жамбыл облысының су қоймаларында су жиналады", - деді министр брифингте.
Ол екі айдың ішінде кіру жабық болған кезде су қоймасына су келіп түскенін түсіндірді, оны енді Қазақстан алатын болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!