Қырғызстан да АЭС бойынша референдум өткізбек

Қырғызстан да АЭС бойынша референдум өткізбек
Фото: depositphotos.com

Қырғызстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесіне байланысты референдум өткізіледі. Бұл туралы Қырғызстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Данияр Амангелдиев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.

Қырғызстан билігі АЭС құрылысы бойынша "Росатом" мемлекеттік корпорациясымен келіссөз жүргізіп жатыр. Данияр Амангелдиевтің айтуынша, қазір жобаны іске қосу емес, дайындық жұмыстары, яғни инфрақұрылымды дамыту, мамандарды оқыту мәселелері қарастырылып жатыр.

"Инфрақұрылым құру және кадрлар даярлау бойынша "Росатоммен" ынтымақтастықтамыз. Осыдан кейін ғана құрылыс мәселесін қарастыруға болады", - деді ол.

Данияр Амангелдиев түпкілікті шешімді азаматтар қабылдайтынын жеткізді. Мәселені референдумға шығару жоспарланып отыр.

Қырғызстан Үкіметі де атом энергетикасын дамыту энергия тапшылығын шешудің негізгі жолдарының бірі болады деген пікірде.

Айта кетейік, Қазақстанда АЭС салу мәселесі референдумға шығарылып, ол 2024 жылы 6 қазанда өткізілді. Қорытындысы бойынша 5 561 937 азамат, яғни сайлаушылардың 71,12 пайызы қолдап дауыс берді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget