Қырғызстан билігі қақтығыста қанша тәжікстандық қаза болғанын айтты

Қырғызстан билігі қақтығыста қанша тәжікстандық қаза болғанын айтты
Фото: Sputnik

Тәжікстанның Қарулы күштерінде 200 адам қаза болды, 400-ге жуық адам зардап шеккен. Бұл туралы Қырғызстанның Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Иманқұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды "Sputnik Қырғызстан"

"Біздегі бар ақпарат осы, адам шығыны осындай", - деді Иманқұлов. 

"Даудың басы..." Қырғыз-тәжік қақтығысы қалай басталды?

Соңғы мәліметтер бойынша, 59 қырғызстандық қаза болған, 163 адам зардап шеккен. Әзірше оның ішінде қаншасы әскери, қаншасы бейбіт тұрғын екені белгісіз. Ал тәжік билігінің мәліметінше, 35 адам қаза болып, 30 адам зардап шеккенін мәлімдеген болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина